03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Климович ағайындылары мен Михалев «Сібір» клубымен жаңа келісімшартқа отырды

Климович ағайындылары мен Михалев «Сібір» клубымен жаңа келісімшартқа отырды

«Сібір» клубының телеграм-арнасы хабарлағандай, Новосібір хоккей клубы үш жас шабуылшы — Иван Климович, Егор Климович және Владимир Михалевпен келісімшарттарын ұзартты.

Үш шабуылшының екеуі — Егор Климович пен Владимир Михалев екі жылдық екіжақты келісімшартқа қол қойса, Иван Климович бір жылдық келісімшартқа отырды.

Өткен маусымда 21 жастағы Иван Климович «Сібір» сапында плей-офф ойындарын қоса алғанда 20 матч өткізіп, 4 ұпай жинады. Оның кіші інісі Егор КХЛ-да 4 ойынға қатысып, МХЛ-да 46 кездесуде 62 ұпай жинап, жақсы өнер көрсетті.

Владимир Михалев өткен КХЛ тұрақты чемпионатында 5 рет мұзға шықты, сондай-ақ шабуылшы ВХЛ-дағы «Зауралье» құрамында 29 ойында 6 нәтижелі ұпай жинады.