03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қайғылы оқиға: «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота қаза тапты

Қайғылы оқиға: «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота қаза тапты

Championat.com хабарлауынша, португалдық шабуылшы Диогу Жота Испанияның батысында — Самора провинциясында жол апатынан қаза тапты — футболшының көлігі жолдан шығып, өртке оранған.

Қайғылы апатта футболшының ағасы да қаза тапты — екеуі де оқиға кезінде көлікте болған.

Диогу Жота «Ливерпульдің» құрамында бес жыл өнер көрсетті, ол клубқа 2020 жылы ауысқан. Мерсисайд клубының құрамында португалдық Англия чемпионы атанып, елдің Кубогы мен Лига Кубогын жеңіп алды.

«Қызылдар» құрамына дейін шабуылшы келесі клубтарда ойнаған:

  • «Вулверхэмптон»
  • «Атлетико Мадрид»
  • «Порту»
  • «Пасуш де Феррейра»

Португалия құрамасының сапында Жота УЕФА Ұлттар Лигасында екі рет жеңімпаз атанды.