03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Әлімханұлы WBC чемпионы Адамеспен жекпе-жек келісімшартына қол қойды

Әлімханұлы WBC чемпионы Адамеспен жекпе-жек келісімшартына қол қойды

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы WBC титулының иегері Карлос Адамеспен біріктіру жекпе-жегіне келісімшартқа қол қойғанын жариялады.

Адамес, біз барлық құжаттарға қол қойдық. Енді сені күтіп отырмыз! Неге қол қойғың келмейді? Барлық құжаттар сенің үстеліңде! Қорқақ!

Қазақстандық боксшы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында осындай жазба қалдырды.

Жеңілмеген Әлімханұлы — екі нұсқада қазіргі чемпион, соңғы жекпе-жегін үш ай бұрын Астанада өткізіп, француз үміткері Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.