27.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Алтын доп» иегері Родри марапатқа үміткерлерді атады

«Алтын доп» иегері Родри марапатқа үміткерлерді атады

«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы және қазіргі «Алтын доп» иегері Родри беделді марапатқа үміткерлер туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды ESPN.

«Кімнің жеңетінін білмеймін — көптеген нұсқалар бар. Мен әрдайым испан ойыншыларын жоғары бағалаймын. Менің ойымша, Педри керемет маусым өткізді, Ламин Ямаль да солай. Білмеймін, не болатынын көреміз», — деді испан футболшысы.