26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ордабасы Риганың бразилиялық шабуылшысымен келіссөз жүргізуде

Ордабасы Риганың бразилиялық шабуылшысымен келіссөз жүргізуде

Sports24.kz ақпараты бойынша, Режиналдо Рамирес Шымкенттің «Ордабасы» клубына ауысуы мүмкін — клуб басшылығы бразилиялық шабуылшының трансфері туралы келіссөздер бастады.

24 жастағы шабуылшының қазіргі клубы — «Рига» — Латвия чемпионатында 19 ойыннан кейін 48 ұпаймен көш бастап тұр. Биылғы маусымда бразилиялық футболшы 16 ойында тоғыз гол соғып, бір голдық пас берді.

«Ордабасы» қысқы трансфер терезесінде Рамиресті қатарына қосуға тырысқан, алайда сол кезде футболшы бас тартқан. Ойыншының трансферлік құны бір миллион еуроны құрайды.

Айта кетейік, Шымкент клубы биылғы жазда құрамын күшейтті — 27 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Юрий Вакулко командаға қосылды.