22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

CS аңызы dupreeh Остиндегі турнирде мансабын аяқтағанын жариялады

CS аңызы dupreeh Остиндегі турнирде мансабын аяқтағанын жариялады

Дат киберспортшысы Питер «dupreeh» Расмуссен — BLAST.tv Austin Major 2025 сахнасында Counter-Strike кәсіби мансабын аяқтағанын жариялады.

«Бұл шешім маған оңай болған жоқ, бірақ алтыншы мейджорда жеңіс — менің басты мақсатым болды. Осы жылдар бойы керемет қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерге алғысымды білдіремін», — деді толқыған Расмуссен қоштасу сөзінде.

Кәсіби сахнадағы 13 жылдық өнер көрсету барысында Питер Расмуссен әсерлі жетістіктерге қол жеткізді — Astralis және Team Vitality құрамында бес мейджор чемпионы атағын және басқа да беделді трофейлерді жеңіп алып, $2,2 млн-нан астам жүлде ақшасын тапты.