19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресейлік дзюдошы әлем чемпионатының финалында жапондықты жеңді

Ресейлік дзюдошы әлем чемпионатының финалында жапондықты жеңді

Будапештте өткен дзюдодан әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен ресейлік Матвей Каниковский күтпеген жеңіске қол жеткізді.

Шешуші белдесуде ресейлік спортшы Жапония өкілі Дота Араиды жеңді — ол турнирдің басты фавориті болған, өткен жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері және жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Каниковский үшін бұл жетістік мансабындағы ең үлкен жеңіс болды — бұған дейін оның қоржынында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алтын медалі ғана болған.

Осы салмақ дәрежесінде Қазақстан өкілі Марат Байкамуров та өнер көрсетті, алайда ол жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.