18.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Химки» ФК өз қызметін тоқтатты

«Химки» ФК өз қызметін тоқтатты

Мәскеу облысының «Химки» футбол клубы өз қызметін тоқтататынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды клубтың телеграм-арнасы.

«Қиын шешім қабылданды – «Химки» футбол клубының қызметін қазіргі түрінде тоқтату. Біз РПЛ-дің жаңа маусымына қатысу мүмкіндігі үшін соңына дейін күрестік, клубты сақтап қалу және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндікті жасадық. Өкінішке орай, бұл шаралар РФС және РПЛ регламенттері аясында жеткіліксіз деп танылды»

Қызыл-қара команда өткен маусымның қорытындысы бойынша РПЛ турнирлік кестесінде 12-орынды иеленді – команда келесі маусымға жоғары дивизионда өнер көрсетуге лицензия ала алмады.

Клуб басшылығы өз үндеуінде команда тарихына қатысты барлық адамдарға – ойыншыларға, жаттықтырушыларға, қызметкерлер мен жанкүйерлерге алғыс білдірді.