16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Виктор Темиров Германияда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров Германияның Ганновер қаласында өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстандық боксшы (8-0, 6 КО) тәжірибелі польшалық Лукаш Барабашпен (4-17, 2 КО) кездесті. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды.

Бұл Темировтың 2025 жылдағы екінші жекпе-жегі. Сәуір айында ол Германияда тағы бір польшалық боксшы Адам Цеслякпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Айта кетейік, Виктор Темировтың лақап аты – «Қасапшы». Бірақ оны бокс жанкүйерлері жаңа Геннадий Головкин деп атайды. Себебі, Гена да кәсіпқой бокстағы мансабын Германиядан бастаған болатын.