16.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Бока Хуниорс – Бенфика: Клубтық әлем чемпионатына болжам (17.06.2025)

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Бока Хуниорс – Бенфика: Клубтық әлем чемпионатына болжам (17.06.2025)

17 маусым күні Астана уақытымен 03:00-де АҚШ-тың Майами-Гарденс қаласындағы «Хард Рок Стэдиумда» Клубтық әлем чемпионатының В тобы аясында «Бока Хуниорс» пен «Бенфика» кездеседі. Букмекерлер португалиялық команданы фаворит санайды. Алайда біз командалардың қазіргі жағдайына қарап, өз болжамымызды ұсынамыз.

«Бока Хуниорс»

Аргентиналық гранд ішкі маусымды бір ай бұрын аяқтады. Команда Апертура турнирінде екінші орын алғанымен, плей-офф кезеңінде ширек финалда «Индепендьентеден» 0:1 есебімен ұтылып жарысты ерте аяқтады.

Дегенмен, «Бока» — Оңтүстік Америкада жас ойыншыларды тәрбиелеумен танымал клуб. Карлос Тевес, Фернандо Гаго мен Хуан Роман Рикельме секілді жұлдыздар осы клубтың академиясынан шыққан. Бұл турнир клуб үшін өз жас таланттарын әлемге таныстыратын жақсы мүмкіндік.

«Бенфика»

Португалия чемпионатында екінші орын алған «Бенфика» ішкі кубок финалында «Спортингтен» ұтылып қалды. Команда шабуылда белсенді ойын көрсетіп жүр, бірақ аргентиналық клубтармен ойын — бұл мүлде басқа деңгей. «Бока» секілді командалар қарсыласқа көп мүмкіндік бермейді.

Сол себепті шабуылдағы көшбасшы Павлидиске қиын соғуы мүмкін. Бұл жағдайда аргентиналық футболды жақсы білетін тәжірибелі Анхель Ди Марияның ойыны шешуші рөл атқаруы мүмкін.

Жеке кездесулер

Бұл командалар бұған дейін бір-бірімен кездеспеген.

Болжам

Кездесу төмен нәтижелі болады деп күтіледі. Ойынның тағдырын 1-2 шабуыл шешуі мүмкін. Сондықтан «Тотал 3-тен кем» (коэффициенті – 1.50) деген ұтымды ставка болмақ.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча