12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Тони Кроос Надаль академиясының түлектер кешінің құрметті қонағы болды

Тони Кроос Надаль академиясының түлектер кешінің құрметті қонағы болды

Рафаэль Надальдің теннис академиясында салтанатты түлектер кеші өтті — 52 шәкірт беделді оқу орнындағы білім жолын аяқтады.

Шараның ерекше қонағы Германия құрамасының сапында әлем чемпионы атанған — Тони Кроос болды.

Түлектер кешінің тарихында академияға атақты спортшылар келген:

  • Баскетболшылар Пау Газоль мен Рикки Рубио
  • Теннисшілер Давид Феррер, Ига Швентек және Карлос Мойя
  • Роджер Федерер мен Мария Шарапова (онлайн қатысқан)