11.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Эдгарс Сиксна мен Артём Лихотников «Сарыарқаға» қайта оралды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Эдгарс Сиксна мен Артём Лихотников «Сарыарқаға» қайта оралды

Қарағандылық «Сарыарқа» клубы латвиялық қорғаушы Эдгарс Сикснамен және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Артём Лихотниковпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады.

Екі хоккейші де бұған дейін Жоғары хоккей лигасында «сары-қаралар» сапында өнер көрсетіп, жанкүйерлерге жақсы таныс. Өткен маусымды олар Ташкенттің «Хумо» командасында өткізді.

Сиксна өткен чемпионатта 47 матчқа қатысып, 34 (6+28) ұпай жинады. Ал Лихотников 45 ойында 21 (5+16) ұпаймен көзге түсті.