09.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Асхат Тағыберген ұлттық құрамадағы мансабын аяқтады

Солтүстік Македонияға қарсы өткен матч 34 жастағы жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген үшін Қазақстан ұлттық құрамасындағы соңғы ойын болды. Бұл туралы футболшы кездесу аяқталғаннан кейін ресми түрде мәлімдеді.

Қазақстан құрамасының аңызы өз дебютін 2014 жылы өткізген болатын. Содан бері ол ұлттық құрама сапында 63 матчқа қатысып, 3 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.

 

Асхат Тағыберген – ұлттық құраманың соңғы онжылдықтағы ең тұрақты ойыншыларының бірі ретінде есте қалатыны сөзсіз.