06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Килиан Мбаппе Франция құрамасы сапында рекорд орнатып, Анриді басып озды

Килиан Мбаппе Франция құрамасы сапында рекорд орнатып, Анриді басып озды

Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция құрамасының тарихындағы гол соғу бойынша жаңа рекордшы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы шабуылшы пенальтиден гол соғып, нәтижелі пас берді.

Stats Foot мәліметі бойынша, Мбаппе қазір ұлттық құрама сапында 80 нәтижелі әрекет жасаған: 49 гол және 31 нәтижелі пас. Осылайша ол ұлттық құрамадағы мансабында 78 гол соққан (51 гол және 27 нәтижелі пас) аты аңызға айналған Тьерри Анридің жетістігін басып озды.