05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

КХЛ Барыстың бес жас хоккейшісін келешегі бар деп атады

КХЛ Барыстың бес жас хоккейшісін келешегі бар деп атады

КХЛ-дің ресми сайтының мәліметінше, «Барыс» құрамында келесі маусымда негізгі құрамға кіруге үміткер перспективалы жас хоккейшілер тобы анықталды.

Шетелдік ойыншылармен келісімшарттар бұзылғаннан кейін клуб жас буынға өзін көрсетуге мүмкіндік берді — матчтарға 23 жастан аспаған 18 хоккейші қатысты, олардың 13-і КХЛ-де алғаш рет мұзға шықты.

Өзін ең жақсы көрсеткен ойыншылар арасында:

  • Бейбарыс Оразов — 48 матч
  • Симонов — 24 матч
  • Кирилл Ляпунов — 16 матч
  • Данил Бутенко — 35 матч
  • Аслан Жүсіпбеков — 15 матч

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында астаналық клуб жеті легионердің кетуін жариялады — қақпашы Юхан Маттссон, қорғаушылар Виктор Антипин мен Илья Хохлов, шабуылшылар Антон Бурдасов, Станислав Бочаров, Никита Сетдиков және Дамир Жафяров.