05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джек Грилиш жазда Манчестер Ситиден кетуі мүмкін

Джек Грилиш жазда Манчестер Ситиден кетуі мүмкін

Джек Грилиш 14 маусым мен 13 шілде аралығында АҚШ-та өтетін ФИФА клубтық әлем чемпионатына «Манчестер Ситидің» құрамында бармайды.

29 жастағы жартылай қорғаушының «Этихадтағы» болашағы белгісіз — еуропалық клубтар ойыншыға қызығушылық танытуда, алайда оның аптасына 300 мың фунт жалақысы трансферге кедергі болуы мүмкін.

«Әрине, Джек ойнауы керек. Ол әр үш күн сайын алаңға шығуы қажет керемет футболшы. Бұл биылғы және өткен маусымда болған жоқ. Ол бізбен немесе басқа жерде ойнауы керек», — деді команданың бас бапкері Пеп Гвардиола.

Грилиш 2021 жылдың жазында британдық футбол үшін рекордтық 100 миллион фунтқа «Ситиге» ауысып, требл жеңген команданың құрамында болды. Ағымдағы маусымда ағылшын ойыншы негізгі құрамда тек жеті матч өткізді.

Ойын тәжірибесінің жетіспеушілігі Англия құрамасындағы орнынан айырылуына әкелді — жартылай қорғаушы Евро-2024-ке қатыспады және 2026 жылғы әлем чемпионатына бара алмау қаупі бар.