29.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Джо Коул: Коул Палмер – нағыз данышпан

Джо Коул: Коул Палмер – нағыз данышпан

TNT Sports хабарлағандай, Конференциялар лигасының финалындағы Коул Палмердің өнері – футбол сарапшыларының басты талқылау тақырыбына айналды.

«Челсидің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Джо Коул таңданысын жасырмады:

«Коул Палмер – нағыз данышпан. Мұндай ойыншылар жайдан жай пайда болмайды. Ол ойынды өз бақылауына алды, әлемде мұндай әрекетке қабілетті футболшылар саусақпен санарлық. Оның ойынын тамашалау – нағыз мәртебе»

«Вест Хэм» шабуылшысы Мишель Антонио Палмердің шешуші рөлін атап өтті:

«Коул Палмер араласқанға дейін ойын жеңіліске ұшырап тұрған еді. Ол үнемі доп сұрап, талап етті. Екі керемет пас, екі керемет гол»

«Челсидің» бұрынғы қақпашысы Марк Шварцер екінші таймдағы ауыстырулар ойынды өзгерткенін атап өтті – Палмер серіктестерінің жүгірістерін іздей бастап, ерекше кемелділік танытты.

Палмер соңғы жеті жылда Марселодан кейін еуропалық турнир финалында екі гол пасын берген алғашқы ойыншы атанды.

-->