14.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Ақтөбе» Қызылордада жеңіске жетіп, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Ақтөбе» Қызылордада жеңіске жетіп, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді

Қазақстан Премьер-Лигасының 16-туры аясында Қызылордада өткен «Қайсар» — «Ақтөбе» матчында тартысты ойын өрбіді. Кездесу «Ғани Мұратбаев» стадионында өтті.

Алғашқы голды 28-минутта қонақтар сапынан Жайро Жан соғып, «Ақтөбені» алға шығарды. Екінші таймда алаң иелері есепті теңестірді — Дидар Жалмұқан гол авторы атанды.

Алайда 76-минутта Лев Скворцов жеңіс добын соғып, «Ақтөбеге» үш ұпай алып берді. Осы нәтижеден кейін ақтөбеліктер турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді.