22.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан U18 құрамасы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан U18 құрамасы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісін тіркеді. Турнирдің екінші кездесуінде қазақстандықтар Венгрияны тізе бүктірді.

Бұл жеңіс команда үшін сенімді бастама болмақ, себебі алғашқы ойында Қазақстан қарсыласына есе жіберген болатын.

Алдағы ойындар кестесі:

  • 23 сәуір — Дания
  • 24 сәуір — Австрия
  • 26 сәуір — Украина

Құрама алдағы үш ойында да барын салып, турнир кестесінде жоғары орындарға көтерілуге ұмтылатын болады.