25.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Усик пен Джошуаға ұсыныс тастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Джалолов Усик пен Джошуаға ұсыныс тастады

Баходир Джалолов жақын арада Александр Усик пен Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Маған екі-үш ай уақыт беріңіз, сосын мен дайын боламын. Мен Усик пен Энтони Джошуамен кездесуді қатты қалаймын – олар да мен сияқты олимпиада чемпиондары. Мен келе жатырмын, дайын болыңдар, жігіттер!» – деді Джалолов The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Баходир Джалолов 5 сәуір күні Жәнібек Әлімханұлының бокс кешінде жұдырықтасады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!