24.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

84 секундтық нокаут: Қазақстандық боксшы белбеуін қорғады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
84 секундтық нокаут: Қазақстандық боксшы белбеуін қорғады

Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегінде екі қазақстандық боксшы — Нұртас Әжбенов (16-1, 6 КО) пен Қанат Өзбекбаев (8-2, 7 КО) жұдырықтасты. Жеңіл салмақта 12 раундқа жоспарланған айқас небәрі 84 секундта аяқталды: Әжбенов бірінші раундта нокаутпен жеңіп, Қазақстанның Кәсіби бокс комиссиясының чемпиондық белбеуін сақтап қалды.

Бұл жеңіс Нұртастың кәсіпқой мансабындағы 17-ші жетістігі болса, Қанат үшін үшінші жеңіліс болды. Айта кетейік, Әжбенов жеңіл салмақта WBC Asian Continental титулының да иегері.