07.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Барыс» үш минутта үш гол соқты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Барыс» үш минутта үш гол соқты

Қонақтағы екінші ойында «Барыс» «Ақ Барсқа» қарсы мұз айдынына шықты. Астаналықтар матч барысында 0:4 есебімен жеңіліп жатқан еді. Дегенмен үшінші кезеңде небәрі үш минут ішінде үш шайба соғып, есеп айырмасын бір голға дейін қысқартты.

Алайда соңғы минуттарда Михаил Кравец шәкірттері таразы басын теңестіре алмай, матч 3:4 есебімен аяқталды.

Қазандық клубтан Алистров, Галимов (дубль) және Лямкин көзге түссе, «Барыс» сапынан Қайыржан, Веккьоне және Логвин мергендік танытты.

«Барыс» келесі кездесуін 9 қазанда қонақта «Тракторға» қарсы өткізеді.