25.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Челси» Стерлингті тағы да құрамға қоспады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Челси» Стерлингті тағы да құрамға қоспады

«Челсидің» 2025/26 жылғы маусымға арналған ресми құрамдық фотосына Рахим Стерлинг енбеді. Бұған дейін ол Чемпиондар лигасының тізімінен де тыс қалған болатын. Бас бапкер Энцо Мареска 30 жастағы вингердің команда жоспарында жоқ екенін ашық айтқан.

Стерлинг жазғы трансфер терезесінде «Бавария» мен «Наполиден» түскен ұсыныстарды қабылдамай, Лондонда қалуды таңдады.

Айта кетейік, футболшының ресми матчтағы соңғы ойыны өткен маусымда тіркелді. Ол 25 мамыр 2025 жылы «Арсенал» сапында «Саутгемптонға» қарсы алаңға шыққан еді.

Бұл жағдай оның мансабындағы болашағы туралы сұрақтарды күшейтіп отыр. Жанкүйерлер Стерлингтің қыста жаңа командаға ауысуы әбден мүмкін деп болжайды.