23.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

51-сектор «Қайратқа» бойкот жариялады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
51-сектор «Қайратқа» бойкот жариялады

Алматылық «Қайрат» футбол клубының ең белсенді жанкүйерлері орналасқан 51-сектор клубтың үй матчтарына бойкот жариялайтындарын ресми түрде мәлімдеді.

Мұндай шешім клуб басшылығымен конструктивті диалог орнатуға бағытталған бірнеше әрекеттің нәтижесіз аяқталуынан кейін қабылданған.

Жанкүйерлер тарапынан нақты қандай талаптар қойылғаны немесе қандай мәселелер шешілмей отырғаны әзірге белгісіз. Алайда бұл бойкот клуб пен оның жанкүйерлері арасындағы қарым-қатынастың шиеленісе түскенін аңғартады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!