12.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

5 клуб маусымды «Астана аренада» бастайды

5 клуб маусымды «Астана аренада» бастайды

Қазақстандық 5 клуб маусымды бірден «Астана аренада» бастайды, деп хабарлайды Goal.kz.

Ақпарат көзіне сүйенсек, «Астана Арена» елордалық «Астана» және «Жеңіс» командаларының матчтарын қабылдайды. Сондай-ақ, бұл стадионда «Елімай», «Оқжетпес» және «Ұлытау» командаларының ойындары өтеді.

Қалған тоғыз команда маусымды басқа стадиондарда бастайды.

Төменде командалар мен олардың матчтарын өткізетін стадиондардың тізімі берілген:
— «Астана» — «Астана Арена»
— «Қайрат» — «Орталық»
— «Ақтөбе» — ОСДЮСШОР
— «Ордабасы» — «Түркістан Арена»
— «Тобыл» — «Тобыл Арена»
— «Елім-ай» — «Астана Арена»
— «Атырау» — «Мұнайшы»
— «Қайсар» — «Муратбаев»
— «Қызыл-Жар» — «Тобыл Арена»
— «Жеңіс» — «Астана Арена»
— «Жетісу» — «Хан-Тәңірі», Алматы
— «Тұран* — «Түркістан Арена»
— «Оқжетпес»— «Астана Арена»
— «Ұлытау» — «Астана Арена.