01.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

38 жастағы Джокович АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

38 жастағы Джокович АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына шықты

Әлемнің жетінші ракеткасы сербиялық Новак Джокович US Open турнирінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей сында 1/8 финалда 38 жастағы серб неміс Ян-Леннард Штруффты (әлемнің 144-ші ракеткасы) үш сетте 6:3, 6:3, 6:2 есебімен ұтты.

Матч бір сағат 51 минутқа созылды.

Келесі кезеңде Новак Джоковичтің қарсыласы әлемнің төртінші ракеткасы америкалық Тейлор Фриц болады.