13.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

358-ші ракетка душқа түскені үшін жарыстан шеттетілді

358-ші ракетка душқа түскені үшін жарыстан шеттетілді

Әлемдік рейтингте 358-ші орын алатын теннисші Матс Розенкранц Грекияның Херсониссос қаласындағы турнирде ерекше жеңіліске ұшырады — ол Пьетро Феллинмен болған матч кезінде ережені бұзғаны үшін жарыстан шеттетілді.

Неміс спортшысы бірінші сетті 7:5 есебімен жеңіп алғаннан кейін үзіліске кетті — сол кезде душқа түсуді жөн көрді. Төреші бұл туралы білген соң, супервайзерді шақырды, содан кейін теннисші жарыстан шеттетілді.

«Мен мұның тыйым салынғанын білмедім», — деп түсініктеме берді Розенкранц.

Антидопингтік ережелерге сәйкес, теннисшілерге тек «Үлкен дулыға» турнирлерінің бес сеттік матчтары кезінде ғана душқа түсуге рұқсат етіледі.