Оқу уақыты: 1 мин

32 жастағы Уилл Стилл «Саутгемптонды» басқаруы мүмкін

32 жастағы Уилл Стилл «Саутгемптонды» басқаруы мүмкін

«Саутгемптон» бас бапкер қызметіне негізгі үміткерді анықтады — ол француздық «Ланстың» жаттықтырушысы Уилл Стилл, деп хабарлайды BBC Sport.

Ағылшын отбасында Бельгияда дүниеге келген 32 жастағы маман жақында «Ланстан» кетіп, Ұлыбританияға оралатынын мәлімдеді.

«Көптеген себептер бар, бірақ басты себеп — маған үйге оралу керек», — деді Стилл журналистерге.

Келіссөздер бапкердің француз клубымен 2027 жылға дейінгі келісімшартының болуына байланысты қиындап тұр — «Ланс» мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы талап етуі мүмкін. «Ланста» Стиллмен бірге оның ағалары Николас пен Эдвард көмекші бапкер ретінде жұмыс істейді.

Стилл мансабын бельгиялық «Лирс» пен «Беерсхот» клубтарында бастап, 2022 жылдың қазан айында 30 жасында «Реймсті» басқарып, Еуропаның үздік-5 лигасының ең жас бапкері атанды. Оның басшылығымен «Ланс» Лига 1-де сегізінші орынды иеленді.

«Саутгемптон» сәуір айында Иван Юричті қызметінен босатқаннан кейін тұрақты бапкер іздестіруде — команда маусым аяқталуына жеті тур қалғанда Премьер-лигадан түсіп қалған.