25.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

27 жастағы колумбиялық «Пеле» «Вулверхэмптонға» ауысты

27 жастағы колумбиялық «Пеле» «Вулверхэмптонға» ауысты

«Вулверхэмптон» бразилиялық «Флуминенседен» жанкүйерлер «колумбиялық Пеле» атаған колумбиялық шабуылшы Джон Ариасты қатарына қосты.

«Ариас — кез келген сәтте матч тағдырын шеше алатын өте қауіпті ойыншы», — деп «қасқырлардың» жаңа ойыншысын аңызға айналған бразилиялық футболшы Кака сипаттады.

Клубтық әлем чемпионатында 27 жастағы колумбиялық алты матчта 18 гол соғу мүмкіндігін жасады — турнирдің ең жақсы көрсеткіші. Қанатта да, шабуылда да ойнай алатын әмбебап футболшы үш рет матчтың үздік ойыншысы атанып, турнирдің символикалық құрамына енді.

«Флуминенсе» сапында өнер көрсеткен кезінде Ариас 229 матчта 47 гол соғып, 55 нәтижелі пас берді, XXI ғасырда клубтың екінші үздік ассистенті атанды. Колумбиялық сонымен қатар жоғары жұмыс қабілетімен ерекшеленеді — матч сайын орташа есеппен 68 рет допқа тиіп, команда бойынша доп тартып алудан көш бастады.