17.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына бокс енгізілуі мүмкін

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындары бағдарламасына боксты қосу туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды ТАСС.

«Мен сессия бұл ұсынысты қолдайтынына сенімдімін. Жарысқа World Boxing мойындаған ұлттық федерациялар қатыса алады», — деді Бах.

Бір ай бұрын ХОК World Boxing ұйымын уақытша мойындады. Бұл — халықаралық деңгейде боксты басқаратын жаңа құрылым. Бұл шешім Халықаралық бокс қауымдастығы бір жарым жыл бұрын олимпиадалық қозғалыстан шығарылғаннан кейін қабылданды.