Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

2025 жылғы Қазақстан Кубогының финалы Қызылордада өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футбол федерациясы 2025 жылғы Қазақстан Кубогының финалдық матчы Қызылорда қаласында өтетінін ресми түрде растады. Бұл туралы ҚФФ кәсіби жарыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Бақытжан Пазылхайыр Нұрсұлтан Құрманның YouTube арнасына берген сұхбатында мәлім етті.

Финал жаңа стадионда өтеді — Қызылордада 2024 жылы іргетасы қаланған футбол аренасы 2025 жылдың күзінде пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Құрылысы жүріп жатқан стадионның сыйымдылығы — 11 000 орын. Ол УЕФА-ның үшінші категория стандарттарына толық сәйкес келеді.

«Құрылыс жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Жаңа стадион тек аймақтың ғана емес, еліміздің футбол инфрақұрылымына қосылған үлкен үлес болады. Кубок финалын дәл осы аренада өткізу — аймақ үшін үлкен мәртебе», — деді Бақытжан Пазылхайыр.

Қызылорда алғаш рет Қазақстан Кубогының финалын қабылдайды. Бұл шешім өңірлік футболды дамыту және маңызды ойындарды ел аумағында тең дәрежеде үлестіру мақсатын көздейді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!