Оқу уақыты: 1 мин

2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды

2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды

2025 жылғы хоккейден әлем чемпионатының ширек финалдық кездесулері аяқталып, келесі кезеңге өткен командалар анықталды.

Алғашқы ширек финалда АҚШ құрамасы Финляндия командасынан 5:2 есебімен басым түсті, ал Швейцария австриялықтарға мүмкіндік қалдырмады — 6:0. Басқа матчтарда Дания құрамасы Канаданы 2:1 есебімен тосын жеңіске жетсе, Швеция чех командасын 5:2 есебімен жеңді.

Ертең өтетін жартылай финалдық кездесулерде шведтер америкалықтармен, ал швейцариялықтар даниялықтармен кездеседі.