10.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

2025 жылғы әлем чемпионаты Швеция мен Данияда басталды

2025 жылғы әлем чемпионаты Швеция мен Данияда басталды

Швеция мен Данияда 2025 жылғы хоккейден әлем чемпионаты басталды — алғашқы ойын күнінде топтық кезеңнің төрт матчы өтті.

Чехия құрамасы қызу тартыста Швейцария командасын 5:4 есебімен овертаймда жеңіске жетті. Финляндия австриялық команданы минималды есеппен — 2:1 ұтты.

Турнир қожайындары әртүрлі нәтиже көрсетті: шведтер словактарды сенімді түрде — 5:0 жеңсе, даниялықтар АҚШ құрамасынан ірі есеппен — 0:5 жеңілді.

Ресей мен Беларусь құрамалары әлем біріншілігіне қатыспайды.