Оқу уақыты: 1 мин

20 жастағы Сандуғаш Кенжібаева Қытайдағы ITF жұптық турнирінің финалына шықты

20 жастағы Сандуғаш Кенжібаева Қытайдағы ITF жұптық турнирінің финалына шықты

SPORT+ мәліметінше, Сандуғаш Кенжібаева Қытайдағы ITF W15 турнирінде сәтті өнер көрсетуде — қазақстандық теннисші ресейлік Софья Лансеремен бірге жұптық сайыстың финалына өтті.

Жартылай финалда қазақстандық-ресейлік жұп Гонконгтық Хо Чинг Ву мен қытайлық Иди Яньды 6:1, 1:6, 10:2 есебімен жеңді.

Финалдық кездесуде Кенжібаева мен Лансере турнирдің бірінші нөмірлі жұбы — қытайлық Мэйки Го мен тайландық Пеангтарн Плипуекпен кездеседі.