27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

20 жастағы Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Атырауға» ауысты

«Атырау» ФК баспасөз қызметі команданың жаңа трансфері туралы хабарлады. Клубқа жалға алу құқығымен Ян Труфанов ауысты.

20 жастағы шабуылшы (бұған дейін алматылық «Қайрат» пен астаналық «Женістің» намысын қорғаған) 2025-маусымының соңына дейін мұнайшылар қатарына қосылды.

Перспективті форвардтың еншісінде Қазақстан U-21 жастар құрамасы сапындағы ойындары бар, онда ол екі гол соғып үлгерді. Ойыншының құқықтары әлі де алматылық «Қайратқа» тиесілі.