17.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

20 жастағы британдық Диллиан Уайтты бірінші раундта нокаутқа түсірді

20 жастағы британдық Диллиан Уайтты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Британдық ауыр салмақтағы боксшы Мозес Итаума Эр-Риядтағы турнирде отандасы Диллиан Уайтты әсерлі жеңіске жетті.

Он раундқа жоспарланған жекпе-жек — бастапқы кезеңде-ақ 20 жастағы боксшының нокаутымен аяқталды. Итаума WBO Inter-Continental чемпиондық белбеуін сәтті қорғап, мінсіз рекордын сақтап қалды.

Жас британдық боксшы үшін бұл кәсіби рингтегі он үшінші жеңісі болды, оның оны — мерзімінен бұрын аяқталған. Уайт 31 жеңісі бар мансабында төртінші рет жеңілді. Итаума ауыр салмақ дивизионының басты жас таланты болып саналады.