27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«1xBet Pro Hokei Ligasy» жартылай финалы: «Торпедо» серияны жалғастырды, «Арлан» финалда

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«1xBet Pro Hokei Ligasy» жартылай финалында «Торпедо» мен «Хумо» арасындағы тартысты серия жалғасуда. Өскеменде өткен алғашқы екі ойында командалар бір-бір жеңіске жетті. Кейінгі екі матч Ташкентте өтті, онда «Хумо» сенімді жеңістерге қол жеткізіп, сериядағы есепті 3:1 қылды. Алайда, 26 наурызда Өскеменде өткен бесінші ойында «Торпедо» 3:1 есебімен жеңіске жетіп, жалпы есепті 3:2-ге қысқартты. Келесі матч 30 наурызда Ташкентте өтеді.

Екінші жартылай финалда «Арлан» 25 наурызда «Сарыарқаны» 7:1 есебімен ойсырата жеңіп, финалға жолдама алды. Осылайша, серия 4:1 есебімен Көкшетаулық клубтың пайдасына аяқталды. Енді «Сарыарқа» үшінші орын үшін таласады.