02.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

19 жастағы қорғаушы Михаил Степанов «Сарыарқада» қалады

19 жастағы қорғаушы Михаил Степанов «Сарыарқада» қалады

Shaiba.kz мәліметінше, Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы қорғаушы Михаил Степановпен келісімшартын ұзартты.

19 жастағы хоккейші өткен маусымда — Қазақстан чемпионатының тұрақты біріншілігінде төрт матч және плей-офф турнирінде бір ойын өткізді.

Жас қорғаушы әзірге қарағандылық команда құрамында нәтижелі әрекеттерімен көзге түсе қойған жоқ.