07.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

19 жастағы Барселона тәрбиеленушісі Челсиден Сандерлендке ауысты

19 жастағы Барселона тәрбиеленушісі Челсиден Сандерлендке ауысты

«Сандерленд» ресми сайтының хабарлауынша, Марк Гиу маусым соңына дейін жалға алу негізінде командаға қосылды.

Испаниялық шабуылшы — өткен жазда «Челсиге» 6 миллион еуроға ауысқан «Барселона» тәрбиеленушісі. 19 жастағы шабуылшыны жалға алу келісімінде сатып алу опциясы қарастырылмаған.

Өткен маусымда Гиу лондондық клуб құрамында шектеулі ойын уақытын алды — Ағылшын Премьер-лигасында небәрі үш матч өткізіп, алаңда тек 71 минут болды және нәтижелі әрекеттер жасаған жоқ.