Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

18 жастағы француздық шаңғышы жаттығу кезінде қайтыс болды

Слалом бойынша Франция чемпионы Марго Симон Валь-д’Изерде (Франция) Red Bull Alpine Park жарысында жаттығу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Le Dauphine Libéré басылымының хабарлауынша, Симон 24 сәуір күні таңертең жаттығу кезінде болған оқыс оқиғаның (құлау) салдарынан қайтыс болды. Турнир тоқтатылды.

Халықаралық шаңғы және сноуборд федерациясы (FIS) мәлімдемесінде «FIS Маргоның отбасы мен жақындарына шын көңілмен көңіл айтады және осы өте қиын кезеңде толық қолдау көрсетеді», — делінген.

18 жастағы Симон 18 жасқа дейінгі Франция чемпионы болды және 2025 жылы тау шаңғысынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында слалом бойынша 20-шы орынға ие болды.