16.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

18 жастағы талант Нванери Арсеналмен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруға дайын

18 жастағы талант Нванери Арсеналмен ұзақ мерзімді келісімшартқа отыруға дайын

Football.London мәлімдеуінше, лондондық «Арсеналдың» жарқын жұлдызы Итан Нванери клубтың келісімшартты ұзарту ұсынысын қабылдайды.

18 жастағы қанатшабуылшымен жасалатын жаңа келісім бес жылға есептелген — жас талант басқа ағылшын және шетелдік клубтардың ұсыныстарын қабылдамай, «зеңбірекшілер» құрамында қалуды жөн көрді.

Өткен АПЛ маусымында Нванери өзін перспективалы ойыншы ретінде көрсетті — оның еншісінде 26 матч, 4 гол және 2 нәтижелі пас бар.