10.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

18 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты

18 жастағы спортшы әлемдік рекорд орнатты

Канадалық жүзуші Саммер Макинтош небәрі үш күннің ішінде екінші әлемдік рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сингапурде өткен су спортынан әлем чемпионатының ұлттық іріктеу жарысында 18 жастағы спортшы 200 метрге жекелей жүзуде рекордтық көрсеткіш көрсетті — 2 минут 5,7 секунд. Осылайша, ол 2015 жылы Қазанда белгіленген венгриялық Катинка Хоссудың жетістігін басып озды (2:06,12).

Бұған дейін Макинтош 400 метрге еркін жүзуде әлемдік рекорд орнатқан болатын.