Оқу уақыты: 1 мин

17 жастағы Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интермен» рекорд орнатты

17 жастағы Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интермен» рекорд орнатты

Championat.com мәліметінше, жартылай қорғаушы Ламин Ямаль «Барселона» мен «Интер» арасындағы Чемпиондар лигасының жартылай финалдық бірінші матчында гол соқты.

Испандық футболшы — матч кезінде 17 жас және 291 күн болған. Турнирдің жартылай финалдық кезеңінде гол соққан ойыншылар арасында жаңа жас рекордын орнатты. Бұған дейінгі рекорд «Монако» сапында 18 жас және 140 күнінде гол соққан Килиан Мбаппеге тиесілі болатын.

Ямаль сонымен қатар турнир тарихында бір маусымда 1/8, 1/4 және 1/2 финал кезеңдерінде гол соққан алғашқы жасөспірім атанды.

Ағымдағы Чемпиондар лигасы маусымында испандық талант 12 ойында бес гол соғып, төрт голдық пас берді. Ойыншының биылғы маусымдағы жалпы көрсеткіші 49 матчта 15 гол мен 24 нәтижелі пас берумен көрініс тапты.