19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

17 жастағы теннисші Дубай турнирінде тарихи рекорд орнатты

17 жастағы теннисші Дубай турнирінде тарихи рекорд орнатты

17 жастағы Мирра Андреева Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің үшінші кезеңінде Пейтон Стернсті сенімді түрде жеңді — кездесу есебі 6:1, 6:1.

Жас спортшы үшін бұл WTA 1000 санатындағы турнирдің 1/4 финалына төртінші рет шығуы. Бұған дейін ол Мадрид, Цинциннати және Пекинде де осы кезеңге дейін жеткен.

Сонымен қатар, Андреева кәсіби турдағы 10-шы ширек финалына шықты. Айта кетейік, 2009 жылдан бері WTA 1000 турнирлерінде дәл осындай жетістікке бұрын-соңды мұндай жастағы теннисші жеткен емес.

Келесі айналымда Мирра Андреева әлемнің бірінші ракеткасы — Ига Швентекпен кездеседі.