Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

17 жастағы қазақстандық АҚШ-та Dota 2 бойынша беделді турнирді жеңіп алды

17 жастағы қазақстандық АҚШ-та Dota 2 бойынша беделді турнирді жеңіп алды

Cybersport.ru хабарлағандай, PARIVISION командасы 14 сәуір түнінде Dota 2 бойынша беделді ESL One Raleigh 2025 турнирінің жеңімпазы атанды.

Команданың 17 жастағы керрі Алан «Satanic» Галлямов үшін бұл жоғары деңгейдегі турнирдегі алғашқы жеңіс — жас киберспортшы кәсіби мансабын екі жылдай бұрын бастаған.

Галлямовтың жетістіктер тізімінде мыналар бар:

  • Yellow Submarine құрамында Winline Insight Season 5 онлайн-турнирінің жеңімпазы
  • PARIVISION құрамында FISSURE PLAYGROUND Belgrade 2025 турнирінде үшінші орын
  • Қазіргі құраммен DreamLeague Season 25 турнирінде қола жүлде

Финалдық кездесуде PARIVISION Team Spirit командасын 3:1 есебімен жеңді. Он екі команда қатысқан бір миллион доллар қор мен 27 920 EPT ұпай сарапқа салынған турнир 7-13 сәуір аралығында АҚШ-та өтті.