26.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

17 жастағы Амир Омарханов ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын алғаш рет жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
17 жастағы Амир Омарханов ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатын алғаш рет жеңіп алды

Астанада ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының жекелей сында жеңімпаздар белгілі болды.

Ерлер арасындағы финалда қарағандылық Амир Омарханов пен Теміртау теннис мектебінің түлегі Григорий Ломакин кездескен болатын.

Алайда, көпшілік күткен тартысты ойын болмады. Бірінші сетте Амир айқын басымдықпен 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші партияда Ломакин бел жарақатына байланысты матчты жалғастыра алмады.

Үшінші орынды Ислам Орынбасар иеленді. Оның қарсыласы Тимур Мауленов жарақатына байланысты кортқа шыққан жоқ.

Турнирдің бас серіктесі — Қазақстандағы алтын өндіретін жетекші компания «RG Gold»

Beeline Janymda — матчтарды қай жерде болсаңыз да тамашалаңыз, әсеріңізбен бөлісіңіз!
A`SU — әр сағат сайын ішіңіз!
Lexus. Experience Amazing
Көмектесеміз. Қолдаймыз. Болашақ құрамыз.