06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

17 жасар Ламин Ямаль Испания – Франция матчының үздік ойыншысы атанды

17 жасар Ламин Ямаль Испания – Франция матчының үздік ойыншысы атанды

УЕФА сайтының хабарлауынша, Ламин Ямаль Испания мен Франция арасындағы Ұлттар лигасының жартылай финалдық кездесуінің үздік футболшысы атанды.

«Барселонаның» 17 жасар қанатшабуылшысы – испандықтар 5:4 есебімен жеңіске жеткен матчтың басты кейіпкері. Жас талант екі гол соқты – өзі алған пенальтиді орындап, ойын барысында тағы бір рет көзге түсті.

Ямальдің статистикалық көрсеткіштері әсерлі – алаңда 90 минуттан астам уақыт ішінде қақпаға бес рет соққы жасап, 9,8 шақырым қашықтық жүріп өтті және максималды жылдамдығы сағатына 31,6 шақырымға жетті.

Енді Испания құрамасы трофей үшін Португалия командасымен күш сынасады.