05.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

15 жылдан кейін Америка хоккей лигасында қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді

15 жылдан кейін Америка хоккей лигасында қазақстандық ойыншы өнер көрсетеді

Максим Павленко соңғы 15 жылда Америкалық хоккей лигасында (АХЛ) өнер көрсететін алғашқы қазақстандық хоккейші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Павленко АХЛ-де ойнайтын «Уилкс-Барре/Скрантон Пингвинз» клубымен келісімшартқа қол қойды. Бұл клуб — Ұлттық хоккей лигасындағы (НХЛ) «Питтсбург Пингвинз» командасының фарм-клубы.

Айта кетейік, бұған дейін АХЛ-де қазақстандық ойыншы (Константин Пушкарёв) соңғы рет 2009–2010 маусымында өнер көрсеткен болатын. Ол маусымда Пушкарёв 58 матчта 19 (9+10) ұпай жинап, плей-офф кезеңінде 4 кездесуде 2 (1+1) ұпай еншілеген.