20.02.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

1/8 финалға шыға алмаған «Ювентуске» жаным ашиды – футбол блогері Жәрдем Ирғалиев

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Чемпиондар лигасының 1/8 финалына іріктеу матчтары аяқталды. Ойындардың  қортындысы бойынша, Мадриттік «Реал», «Фейеноорд», «Брюгге», «Бавария», «Бенфика», дортмундтық «Боруссия», «Пари Сен-Жермен» және ПСВ жалпы кезеңнен сүрінбей өткен сегіз командаға қосылды. Осылайша, турнирдің басты трофейі үшін күресті жалғастыратын 16 команда анықталды.

Бұған дейін «Ливерпуль», «Барселона», «Арсенал», «Интер», мадридтік «Атлетико», леверкузендік «Байер», «Лилль» және «Астон Вилла» 1/8 финалға жолдама алған болатын.

Футбол блогері Жәрдем Ирғалиев Sport Pulse тілшісіне кәрі құрлықта өткен бірнеше матчқа қатысты пікірін білдірді:

«Маған ерекше әсер қалдырған команда – «Брюгге». Бельгиялық клуб азулы «Аталантаны» жарыстан шығарып жіберді. Бұл күтпеген нәтиже болды. Ал 1/8 финалға шыға алмағандардан «Ювентуске» жаным ашиды. Итальяндықтар келесі кезеңге өтуге өте жақын еді, бірақ қосымша уақытта қақпасына гол жіберіп алды».

Сондай-ақ, Жәрдем Ирғалиев «Милан» – «Фейеноорд» кездесуіндегі даулы сәтке тоқталды:

«Итальяндықтар ойынның басында жылдам гол соқты, бірақ екінші таймда азшылықта қалды. Төреші Тео Эрнандестің әрекетіне симуляция деп баға беріп, қызыл қағаз көрсеткен. Алайда, менің ойымша, бұл жағдайда жәй ғана ескерту беруге де болатын еді. Нидерландтық клубтың тең есепке қол жеткізуіне алаңдағы ойыншылардың сан басымдығы әсер еткен болуы мүмкін. Нәтижесінде, екі матчтың қорытындысы – 1:2, бұл «Фейеноордқа» келесі кезеңге өтуге мүмкіндік берді».

Сурет: Jonathan Moscrop/Getty Images Дереккөз: «Чемпионат»

Сөз соңында блогер төрешілікке қатысты ойын былай деп қорытындылады:

«Төрешілердің жұмысын бағалау әрдайым қиын, бірақ биылғы маусымда өрескел қателіктер аз болады деп үміттенемін».