29.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Қайрат» өз алаңында ғаламат камбэк жасап, келесі кезеңге шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Қайрат» өз алаңында ғаламат камбэк жасап, келесі кезеңге шықты

Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің екінші айналымынан сүрінбей өтті. Алғашқы ойында Финляндияда «КуПС»-тан 0:2 есебімен жеңілген ҚПЛ чемпионы өз алаңында кемінде үш гол айырмасымен жеңіске жетуі қажет еді — және бұл міндетті команда абыроймен орындады.

Жауапты кездесудің бірінші таймында-ақ алматылықтар қажет нәтижеге қол жеткізді. 16 жастағы Сәтпаев 9-минутта алыстан бағыттаған тамаша соққысымен есеп ашты. 29-минутта Жоржиньо есепті еселесе, 43-минутта Сәтпаевтың нәтижелі пасынан кейін Громыко үшінші голды соғып, ойынның тағдырын шешті.

Екінші таймда есеп өзгерген жоқ — 3:0. Қос матчтың қорытындысы бойынша жалпы есеп — 3:2. Осылайша, «Қайрат» келесі кезеңге жолдама алды.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!